Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің «Технология» мамандығының студенттері «Шеберлік пен мейірім» атты жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеде өз қолдарымен дайындаған керемет тәтті тағамдарды сатуға ұсынды. Түскен қаражат қайырымдылық іс-шарасына жұмсалатын болады.