ОҚО Сайрам ауданының Облыстық өзбек драма театрының ғимаратыңда желтоқсан айының 24ші жұлдызында «Yoshlar Bilim va Tafakkur Raqobati» (YBTR) тақырыбында жас ұрпақтың ағылшын тілін терең меңгеруін қолдау, оларды Назарбаев университеті мен шет елдегі бәсекеге қабілетті үздік жоғары оқу орындарына дайындау мақсатында 10-11 сынып оқушылары арасында , “ Sayram Student Association” (SSA) Ахрор Турдиалиев басшылығында конкурсының жабылу рәсімі өткізілді.
Бұл шараның өткізілуіне ОҚЖ педагогикалық колледжінің құрылтайшысы И.Б.Юнусов қолдау көрсетіп, рәсімнің қорытынды жабылу бөлімінде жүлделі орын иеленген оқушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттап сертификат табыстады.