• Бастауыш бiлiм  беру
  • Негiзгi орта  бiлiм
  • Аударма  iсi
  • Кiтапхана iсi
  • Технология
  • Дизайн профиль бойынша
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Техник- бағдарламашы
  • Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
  • Құқықтану
  • Есеп және аудит салалар бойынша
  • Музыкалық білім

Кеңес Одағы тарап, алыс-жақын көршілер Қазақстан Республикасын танып біле бастаған өткен ғасырдың 90-жылдарында жас мемлекет ретінде дамудың адастырмайтын дара жолын іздеген кезеңді еліміз болып бастан кештік емес пе? Сол кезде ғылым мен білім ұстанымдары аясында да өзгерістер мен жаңа бағыттар көрініс тапқан еді. Содан бері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында білім беру жүйесін жетілдіріуге байланысты «талаптармен» қатар  «бағыт бағдарларда» көрсетіліп келеді. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасында «білім кеңістігін» қалыптастыру оның қол жетімділігі мен мүмкіндіктері аталып өтілген. Бұл мәселелерді оңтайландыру «ғылым мен білімді интеграциялау» арқылы  және ғылыми зерттеушілік дағдыларды тиімді қолдану мәселелеріне қол жеткізуді, сонымен қатар елімізде білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжірибеге реформалауды пәрменді жүргізуді талап етуде.

       Профессор Б.С.Юнусовтың басшылығымен Шымкент қаласында құрылған педагогикалық колледжге 1992 жылы алғашында Қожа Ахмет Яссауи есімі берілді. Колледж 1993 ж 22 желтоқсанда  ҚР Білім Министрлігінің  сериясы  БМ №0000002, яғни Қазақстандағы жеке меншік оқу орындарының ішіндегі екінші болып Мемлекеттік лицензиясын иеленген. Осылайша Б.С.Юнусовтың басшылығымен  Шымкент қаласындағы педагогикалық колледж негізінде  Шығыстану институты ашылды. Араға 12 жыл уақыт салып Б.С Юнусов Қазақстандағы жеке меншік оқу орындары қатарында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің де негізін қалады. 2004 жылы  педагогикалық колледждің дербес түріне, атап айтқанда, 1992-2004 жылдар аралығында ЖОО базасындағы педагогикалық колледжде жинақталған іс тәжірибесі бойынша «Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі» етіп арнайы лицензиясымен қайта ұйымдастырылды. Құрылтайшысы да өзі еді. Б.С.Юнусов көзі тірісінде талантты, ізденімпаз ғылыми қызметкерлерден тұрақты ұжым қалыптастыруға белсенді ат салысты, өзі колледж базасындағы бірнеше тәжірибелі-жаңашыл мамандарға ғылыми жетекшілік жасап, олардың ғылыми лауазымды мамандар болуына қолдау көрсетті. Осы орайда соңғы 12 жыл  осы колледждің директоры лауазымдық қызметін абыроймен атқарған  п.ғ.к. К.Джумагулованың, п.ғ.к. М.Ақылбаевтың, п.ғ.к. Г.Ж.Ибрагимованың заманауи тұғырлы табыстары аясындағы педагогикалық сабақтастығын мақтанышпен атап айтуға әбден болады. Осылайша ел ертеңін ертерек ойлап, артында жақсы із қалдырған, ұлағатты ұстаз-профессор Б.С. Юнусов негізін қалаған педагогикалық  колледж бүгінгі күні Қазақстандағы арнаулы орта білімді кәсіптік- техникалық мамандар даярлайтын іргелі оқу орындарының біріне айналды .

Ұжым тарихында 12 жыл ішінде 6 ғылым кандидаты, 11 магистр, 42 жоғары және бірінші санатты оқытушылар, 14 «Білім беру ісінің үздіктерімен» қатар, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі иегерлері де қызмет атқарып жүргені де әлеуметтік ортада сенімді көзқарас тудыратын мәлімет деп есептеуге болады.

     Шымқаланың орта ғасырлық рабатының орны саналатын  “ескі шаһар” мекенінде бүгінгі заман талабымен салынған 5 қабатты зәулім ғимаратта орналасқан Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің даму тарихы- ел тәуелсіздігі шежіресінің бір бөлігі іспеттес. Бүгінгі таңда заман талабына сай колледж базасы ақпараттық технологиялармен толық жабдықталған  мультимедия кабинеті, лингофон және компьютерлік сынып бөлмелері, электронды оқу залы, шеберханалар мен жатақхана, мыңдаған кітап қорымен қатар интернет желісін  пайдалану,жаңаша салынған спорт кешені, тренажер залы – жастардың кәсіби білім алуына жасалған мол мүмкіндік. Пән кабинеттері оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған.

     Колледж базасында:0101000-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту,0103000-Дене шынықтыру және спорт,0105000-Бастауыш білім беру,0106000-Бейнелеу өнері мен сызу,0107000-Технология,0108000- Музыкалық білім,0111013-Қазақ тілі мен әдебиеті,0201000-Құқықтану,0401000-Кітапхана ісі,0402000-Дизайн,0512000-Аударма ісі,0518000-Есеп және аудит,1304000-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру,мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беріледі. «Филология», «Педагогикалық пәндер»,  «Гуманитарлық және техникалық», «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімдері жүйесінде ғылыми әдістемелік жұмыстар жүргізіледі, оқу- тәрбие процесі ұйымдастырылады сонымен қатар дәстүрлі ғылыми – тәжірибелік ізденістер аясында аймақтық, республикалық, халықаралық конференциялар  жыл сайын өткізіліп тұрады. ОҚПК базасында озық технологиялар үлгісімен оқу үрдісін ұйымдастыру іс-тәжірибесі  «Ізденіс Поиск» /Алматы,3,2011ж/ , «Ұлт тағылымы» /Алматы,3, 2011ж/, «Техникалық және кәсіптік білім» /Астана,1,2014 /, «Қазақстан кәсіпкері» // Астана, 2(113)2014, // «Өрлеу» республикалық ғылыми-әдістемелік/Шымкент, 2,2016/  журналдары арқылы көпшілікке таратылғанын сондай-ақ,  республикалық, халықаралық  ЖОО базасында өтілген конференциялар арқылы ОҚПК оқытушыларының ғылыми мақалалары басылымдарда жарық көргенін бүгінгі таңдағы колледж ұжымының құзырлы маман даярлаудағы заман талабына сай серпілісі деп тануға болады.

         Колледжішілік және аймақтық, республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, зерттеулері басылымдарда жарияланған білім алушылардың шығармашылық ізденістеріне «Зерде» студенттердің ғылыми қоғамы басшылық жасайды. Осы орайда  2013 жылғы республикалық «Тіл дарын - мәнерлеп оқу» сайысының 1 орын жүлдегері Қалжан Тоғжанның, 2014 жылғы аймақтық «Инновациялық жобалар» сайысында 3 орын иеленген Мұхамедсапа Жансаяның, 2015 жылғы қалалық «Үш тілді дамыту» сайысында 2 орын иеленген Барбосынова Камиланың, 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы  өткізілген «студенттік ғылыми зерттеулер» жарысында 1 орын иеленген Наурызбай Талғаттың шығармашылық жұмыстарына да ғылыми жетекшілік жасаған колледж оқытушылары екенін атап  өтуге әбден болады. Сонымен қатар колледж студенттері арасында халықаралық, республикалық, аймақтық өнер сайыстарында жүлделі орындар иеленгендер саны 100 – ден астам. Ал футболшы спортшылардың халықаралық, республикалық құрама команда мүшелері қатарына қосылып, сондай-ақ қыздар арасындағы футбол құрамасының және таэквандо салаларындағы жеңістер тұғырынан бірнеше дүркін орын алғанын ерекше атау орынды. 

     Соңғы жылдары колледж ұжымының үздіксіз біліктілік арттыруы нәтижесінде «Инновациялық оқыту технологиялары» оқу үдерісінің өзегіне айналды. Жаңашылдық ізденістерімен  « Білім беру мазмұнын жаңғырту» бағытын ұстанған педагогикалық ұжым ғылыми- әдістемелік озат тәжірибесі үшін 2014 жылдың мамыр айындағы «Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚБАИ ОҚО филиалы ұйымдастыруымен өткізілген республикалық ғылыми- практикалық конференциясында жыл қорытындысы бойынша облыстағы «Ең үздік колледж - 2014» номинациясын иеленді. Сондай-ақ, Астана қаласында 2015 жылы 15-16 қазан айында ұйымдастырылған  колледждер арасындағы «Халықаралық әдістемелік көрмесі-2015 » сайысына колледждің   28 жаңашыл оқытушылары дайындаған оқу-әдістемелік кешендері ұсынылды. Олардың арасынан республикалық деңгейде үздік шыққан 2 арнайы пән оқытушылары Орунова Н.А. және Берманов А.Н. жұмыстары ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің арнайы сертификаттарымен марапатталды. Республика көлеміндегі ЖОО , ғылыми- әдістемелік және ақпараттық технологиялық орталықтарының ұйымдастыруымен өтілген сайыстарда да бірнеше дүркін жүлделі орындар иеленген ОҚПК ұжымының заманауи үлгідегі іс-тәжірибесі «Қазақстан техникалық және кәсіби білім беру» - 2015 қазақша, орысша «Алтын кітап» баспасынан жарыққа шыққан жинақтың 166-167 беттерінде жарияланған.

Соңғы жылдары колледждің даму аясын кеңейту мақсатында алыс - жақын шет елдермен байланыс, келісім шарттары түзіліп, техниалық кәсіптік білім берудің әріптестік серіктестік жағдайында қарым-қатынастың  жолы ашылды. Соның бір айқын дәлелі ретінде Англия еліндегі Кембридж, Оксфорд университеттері жанындағы колледждер базасында   келешекте іс-тәжірибеге машықтану және ОҚПК базасында Кембридж колледжі филиалын ашу мақсатын көздейтін бағдарламалардың жүзеге асырыла бастағанын атап өту орынды болмақ.

Ұлттық идеологиямыздың жарқын болашағы әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке төтеп бере алатын тұлғаларды дайындау, білім сапасының халықаралық стандарттарға сай келуі ХХІ-ші ғасырдағы ұлттық білім беру кеңістігінің басты бағыты. Осыған орай кемел келешектің зиялы әлеуетін қалыптастыру үшін техникалық және кәсіптік білім жүйесін түбегейлі өзгерту үдерісі елімізде басталып та кетті.

Еліміздің басты құндылығы - адам, ал ХХІ-ші ғасырдың адамы ойлы, білімді, зиялы болуы шарт. Үздіксіз алға даму үстіндегі бүгінгі қазақстандық қоғам талабы да өзгерді; атап айтқанда келешек кәсіп иелері озық технология мен заманауи техника тілін меңгергенде ғана өздері таңдаған мамандықтарды дамыта алатындығы бүгінгі таңда дәйектелді. Сондықтан да «білім беру сапасын арттыру және қолжетімдігін кеңейту» негізгі мақсат болып отыр. Бүгінгі күні ғаламдық жаһандануға бағыт алған мәңгілік ел дамуының жаңару үдерісіне сай қажетті техникалық және кәсіби мамандар әзірлеу міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен практиканың үйлесімділігі атқарады. Бұл үйлесімділік кәсіптік техникалық кадрлар даярлаудағы біліктілік дағдыларын қалыптастыру аясында жан жақты өрістей алады.

Соның бір айғағы 2016 жылдың сәуір айында ғылыми-тәжірибелік бағыттағы халықаралық деңгейдегі бас қосу болды.. Конференция жұмысы Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы «Өрлеу» ОҚО  бойынша ПҚБАИ және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция жұмысы 4 бағытта ұйымдастырылды:

 «Қоғамдық ғылымдар және үштілділік»

«Ұлттық біліктілік шеңберіндегі кәсіби құзыреттілік»

«Педагогикалық – психологиялық пәндер және иновациялық даму»

«Жаратылыстану бағыттындағы ғылыми әдістемелік зерттеулер» .

          Конференция жұмысы аясында үштілді білім берудің заманауи бағдарламасы жүзеге асырылды. Дәлірек айтқанда, конференция Қарарында шет ел білім мекемелері мен ОҚПК басшылары  арасындағы түзілген келісім шарттар мен меморандумдар негізінде алдағы жылдары ОҚПК базасында Кембридж колледжінің  мамандары ағылшын тілінде оқыта үйрету семинарларын ұйымдастыратыны атап көрсетілді. Нәтижесінде қатысушылар әртүрлі деңгейлік бағдарламалар бойынша Кембридждік сертификаттарды иеленетіні мәлімделді.

         Қорыта айтқанда, кәсіби тәжірибелік шыңдалуы ЖОО базасында сонау 1992 жылдардан бастау алатын ОҚПК -  ширек ғасырлық дамуында жан-жақты кемелденіп қалыптасқандығын, ал дербес дамудың мүшел шағында ҚР ТжКБ жүйесіндегі инновациялық дамудың «Көшбасшылары» қатарына қосылғанын «Тиімді басқару үлгісімен» әріптестері арасында айқын дәйектеді

 Юнусов Бахтияр Саидұлы 1977 жылы Ташкент Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін (араб тілі бөлімін) бітірген, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент –мүшесі, Ресей Халықаралық педагогикалық ғылымдары  Академиясының корреспондент мүшесі , «Танта» (АРЕ) университетінің Құрметті докторы.Университетте араб тілін өте жақсы меңгеруінің ,ұйымдастырушылық  қабілетінің жоғары дәрежеде болуының арқасында оқу орны әкімшілігі оны Сирия Араб Республикасы Халеб қаласындағы консульдікке референт –аудармашы қызметіне ұсынады. 1978 жылдан 1980 жылға дейін Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы №26 орта мектепте араб тілі мұғалімі қызметін , 1980-1984 жылдары Йемен Араб Республикасының елшілігінде консулдық бөлім кеңесшісі қызметін атқарады. Шымкент қаласына қайтып оралып, №26,№42 орта мектептерде педагогикалық қызметін жалғастырады.

     1992 жылы колледж, 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне айналған Шығыстану институтын құрған кезден бастап оның нағыз педагогтық, ғалымдық, ұйымдастырушылық қабілеті ашыла бастады. Ол басқарған оқу орны жақсы қырынан көрінді.Б.С Юнусов университет Президенті қызметіне сайланғаннан соң оқу орнының профессор –оқытушылар және  студенттер құрамын асқан шеберлікпен басқарды. Университеттің материалды –техникалық базасы күшейді.2004 жылы университет қанатының астынан Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжін ашты. Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсари» омырау белгісімен және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» омырау белгісімен марапатталды.Б.С Юнусов 2007 жылы қазіргі қоғамдық интеллектуальды дамуына қосқан жеке үлесі үшін «SOKRATES  INTERNATIONAL  AWARD» (Сократ атындағы) Халықаралық сыйлығының иегері атанды. Оған 2007 жылдың наурызынан бастап Еуропа Ректорлар  клубының мүшесі екендігін куәландыратын  Еуропалық  ғылыми клубтың сертификаты берілген. 

Юнусов Ифтихар Бахтиярұлы Шымкент қаласында 1981 жылы  наурыз айының алтыншы жұлдызында дүниеге келген. № 13 қалалық жалпы орта мектебін 1997 жылы  бітіріп, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің араб және ағылшын тілі мамандығына оқуға түсіп, 2001 жылы аяқтады. Ағылшын және араб тілдерінен Араб еліндегі Каир қаласында «оқу алды даярлық» /стажировка/ жұмыстарын жүргізеді.Ең алғаш маман ретінде өзінің педагогикалық қызметін   Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «шет ел филологиясы» кафедрасында оқытушы ретінде бастады. 2004 жылы  педагогика саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғап шықты. 2008 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің басшысы.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент- Ифтихар Бахтиярұлы,  болашақ ұрпаққа білім беру мен саналы тәрбие беруде қосқан зор үлесі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Жумагулова Калияш Султанқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданында, 1954 жылдың 15 тамызында дүниеге келген. 1971 жылы мектепті аяқтағаннан кейін Қазақ Мемлекеттік  С.М. Киров атындағы университетіне география мамандығына түсіп, 1976 жылы бітіргеннен кейін Киров ауданындағы Горький орта мектебіне жолдама алады. 1981 жылы КПСС мүшесі бола отырып, балабақшада меңгеруші, сонымен қатар (КАЗАУЫЛТЕХ) ұжымында парторг қызметін атқарады. Мектепте ұстаздық қызмет атқара жүріп, 1988 жылы «жоғары санатты мұғалім» категориясын алып, жан- жақты еңбектенуінің арқасында көптеген мадақтау қағаздарымен марапатталды. 1991 жылы №54  Горький атындағы мектепке директор болып сайланды. Орта мектепте 1992 жылдан бастап, жаңа бағыт бойынша эксперимент жазды. 1998 жылы Шымкент қаласына келіп жеке меншік жоғары оқу мекемесіне жұмысқа кірді. 1991 жылы «Әдіскер – мұғалім» мәртебесін алды. 1999 жылы «ҚР Білімді тұлғасы» деп марапатталды.  2000 жылдан бастап «Болашақ» мектебін басқарды. 2002 жылдан бастап ОҚП университетіндегі «Жаратылыстану пәндері» кафедрасында аға оқытушы болып сабақ жүргізді. 2004-2010 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің  директоры  қызметін атқарды.  2011 жылдың  21 қаңтарында Тула қаласында педагогика саласы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 2008 жылдан бастап кандидаттығына  диссертация қорғады. 2010 жылдан бастап Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында қызмет атқарды. 2012 жылы зейнеткерлікке шықты.

М.И Ақылбаев 1964 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Бостандық ауданына қарасты Қараманас ауылында туылған. 1989 жылы Ташкент мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен соң Ташкент политехникалық институтында оқытушы болып жұмыс істейді. 1994 жылы Шымкент қаласына қоныс аударуына байланысты осы өңірдегі ірі оқу орнының бірінен саналатын Қазақ химия –технологиялық институтына ауысып, оқытушы қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ғылыми істер жөніндегі проректор қызметін атқарып келеді. Көптеген ғылыми мақалалардың жазбагері. Оның басшылығымен оқу орнында  көптеген халықаралық, аймақтық ғылыми-практикалық конференциялар, еліміздің басқа қалаларындағы белгілі ғалымдармен кездесулер өткізілген.2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі диссертациялық кеңесте кандидаттық диссертациясын табысты қорғады. 2008 жылы оған Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан доцент атағы берілді.

2011-2012 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің  директоры қызметін атқарған.

Жаңалықтар

Болашаққа бағдар Рухани жаңғырту

Оңтүстік Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінде «Болашаққа бағдар Рухани жаңғырту» тақырыбында қыздар арасында эстофетадан жарыс өтті. Атап айтсақ 101 – 17қ тобы I орын, 310-17қ тобы II орын, 314 – 17қ...

Құттықтау!!!

Сіздерді 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Егемен еліміздің өсіп өркендеу жолында және жас ұрпақты сапалы білім мен патриоттық рухта тәрбилеуде аянбай...

24 ноября в колледже прошел...

24 ноября в колледже прошел научно-практический семинар «Роль библиотеки в свете обновления содержания образования в Казахстане» для библиотекарей, работающих в учреждениях системы образования. Семинар посетило 48 специалистов из школ, колледжей, ВУЗов. По...

«
»

Жаңалықтар

Надежда Ногай

Қазақстандық ауыр атлет Надежда Ногай 75 келі салмақта жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Ноғай Таиланд Duanganksorn Chaidi өкілі кейін 275 келі, тартылған екі жаттығулар, Тунис үштігіне Диб Yosra жабық..

2015 жылы мемлекеттік аттестациядан...

1992 жылы педагогикалық колледжіне алғашында Қожа Ахмет Яссауй аты беріліп, 1993 жылы 22 желтоқсанда Қазақстандағы жеке меншік оқу орындарының ішінде екінші болып, ҚР Білім Министрлігінің Мемлекеттік лицензиясын иеленген Шымкент...

Тіл дарын - 2016

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі базасында үш тілді бірдей меңгеру бағытында «Тіл дарын-2016» аймақтық олимпиадасын өткізуді ұйымдастырудың.

Қарттарды құрметтеуге үндейтін тренинг

12- қараша.2015 ж. Шымкент қаласында «Қарт адамдардың азаматтық белсенділігін дамыту жөніндегі жұмыс істеу қабілеті» атты еріктілерге арналған тренингке Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледж оқытушылары қатысып қайтты.

13 қараша. 2015жыл.

13 қараша. 2015жыл. ОҚПК оқытушылары мен білім алушылары Облыстық «Отырар» әмбебап кітапханасында болып өткен «Қос қаламгер. Абдолла мен Баубек» атты әдеби кешке қатысып қайтты.

«
»

Жаңалықтар

Болашаққа бағдар Рухани жаңғырту

Оңтүстік Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінде «Болашаққа бағдар Рухани жаңғырту» тақырыбында қыздар арасында эстофетадан жарыс өтті. Атап айтсақ 101 – 17қ тобы I орын, 310-17қ тобы II орын, 314 – 17қ...

Құттықтау!!!

Сіздерді 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Егемен еліміздің өсіп өркендеу жолында және жас ұрпақты сапалы білім мен патриоттық рухта тәрбилеуде аянбай...

24 ноября в колледже прошел...

24 ноября в колледже прошел научно-практический семинар «Роль библиотеки в свете обновления содержания образования в Казахстане» для библиотекарей, работающих в учреждениях системы образования. Семинар посетило 48 специалистов из школ, колледжей, ВУЗов. По...

Халықаралық студенттер

17 қараша «Халықаралық студенттер» күніне орай, 1 курс студенттеріне арналған мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.Мерекелік кешімізде жылдағы дәстүр бойынша «Білім кілті» табыс етілді.

Болашақ

2017 жылдың 20 қараша Оңтүстік Қазақстан Жоғарғы педагогикалық колледжінің белсенді студенттері Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік саясағында» « Еліміздің болашағы жастардың...

«
»
 

Байланыс

 

160000
Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасы

21 м/а 8 наурыз көшесі 22,
№64 мектепке қарама-қарсы
тел: +7 7252 50-61-36,
факс: +7 7252 50-60-72
Е-mail: ukpk_shym@mail.ru